Әлеумет

Қауіпсіздік – әр азаматтың жеке жауапкершілігі

Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Қауіпсіз жол: заң, тәртіп және мәдениет» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Іс-шараға Тараз қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының рота командирі, полиция капитаны Абзал Құрманов, сондай-ақ Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері және басқа да мәдениет мекемелерінің мамандары қатысты.

Кездесу барысында полиция капитаны жол қауіпсіздігіне қатысты заңнамаларға тоқталып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жауапкершілігі тең дәрежеде екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысында заң мен мәдениеттің өзара сабақтастығы қоғамдағы қауіпсіздіктің берік негізі екенін орталық директорының орынбасары Мадияр Ералыұлы атап өтіп, осындай мазмұндағы бірлескен іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыру қажеттігін айтты.

Назым Қожамар,

Шерхан Мұртаза атындағы

руханият және тарихтану орталығының

«Дәстүр және өнер» бөлімінің меңгерушісі