Жамбылда ҚАЖ мекемесінде өткен жыл қорытындыланды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жиын өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Өңірлік департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Сматовтың төрағалығымен өткен басқосу барысында 2025 жыл қорытындыланып, жеке құрам қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойылды. Өз сөзінде Қанат Ералыұлы жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2026 жылы атқарылуы тиіс шаруаларды да тілге тиек етті.
Жалпы, жиын барысында жеке құрам қызметкерлері арасында заңдылық пен тәртіптің сақталуын қадағалау, кадр саясатын жетілдіру және арнайы контингент өкілдері арасында профилактикалық жұмыстарды жандандыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Ал мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев есепті кезеңде ҚАЖ қызметкерлерінен мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту, жазасын өтеушілердің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және сотты болғандарды жұмыспен қамтамасыз ету бағытында кешенді жоспарларды өз деңгейінде орындалуы талап етілгенін атап өтті.
Жиын соңында аталған түзеу мекемесіндегі жедел жағдайдың тұрақтылығына айрықша көңіл бөлу – айрықша назарда екені баса айтылды.