Жаңалықтар

"Өмір бойы өкінемін": Түркістанда әкесін соққыға жыққан ер адам сотта сөз сөйледі

Түркістан облысында өз әкесін соққыға жықты деген айып тағылған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты сот процесі аяқталу сатысына жетті, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыны 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды және қосымша жаза тағайындауды сұрады.

Сот отырысы барысында Алмас Садақбаев тағылған айыпты мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ол көз жасына ерік беріп, отбасындағы жалғыз асыраушы екенін айтып, жазаны жеңілдетуді өтінді. Айыпталушының айтуынша, оның кәмелетке толмаған балалары бар, ал жұбайы жұмыс істемейді екен.