Жаңалықтар

Аласармас тау тұлға

Жақында Дінмұхамед Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасың ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы – биігі Қонаев» атты тағылымды іс-шара өтті.

Аталмыш шараның мақсаты жас оқырманға Дінмұхамед Ахметұлының өмір жолын, ел дамуына сіңірген еңбегін таныту, сондай-ақ  отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу болды.

Іс-шара барысында Дінмұхамед Қонаевтың «Өмір жолы – өнеге» атты бейнеролигі көрсетілді. Тұлғаның тағылымды ойларынан шабыт алып жүрген Айша бибі мектебінің оқушысы Айерке Серікқалиқызы ұлы тұлғаға арнау өлең шумақтарын көрермендер назарына ұсынды.

Кеш барысында Айша бибі мектебінің оқушылары және №59 орта мектебінің оқушылары Қонаевқа арнап өлеңдер оқыды. Сонымен қатар Алматы қаласында орналасқан Дінмұхамед Қонаев музейіне онлайн экскурсия ұйымдастырылып, іс-шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Сымбат ҚУАНЫШ