Денсаулық

Елде қант диабетін бақылау жүйесі күшейтілді

Өткен жылмен салыстырғанда қамту деңгейі 1,3 есе артқан, деп хабарлайды arainfo.kz

2025 жылы денсаулық сақтау жүйесінің басым міндеттерінің бірі қант диабетімен ауыратын пациенттердің өмір сүру сапасын арттыру болды. Заманауи стандарттарды енгізу нәтижесінде негізгі диагностикалық зерттеу мен гликатталған гемоглобинді анықтаумен қамту рекордтық деңгейге жетті. Бұл көрсеткіш қант диабетін бақылаудың «алтын стандарты» саналады және пациенттің жағдайын соңғы үш айда бағалауға мүмкіндік береді.

Жыл қорытындысы бойынша аталған зерттеуден 261,5 мың пациент өтті. Бұл II типті қант диабетімен есепте тұрған азаматтардың 49,9 пайызы.

Өткен жылмен салыстырғанда қамту деңгейі 1,3 есе артқан. Бұл мемлекет тарапынан қант диабетінің ауыр асқынуларының алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Айта кетейік, зерттеулермен қамтудың артуы консультациялық-диагностикалық қызметтерді оңтайландыру арқылы мүмкін болды.

2026 жылы алдын алу бағдарламасы кеңейтіледі. Ауруларды басқару бағдарламасына (АББ) қандағы глюкоза деңгейі жоғарылау сияқты қауіп факторлары бар азаматтар азаматтар енгізіліп, диабетке дейінгі жағдайларды ерте анықтау көзделіп отыр.