Жаңалықтар

Yenlik Colors ән жобасына қатысатын алғашқы қазақстандық әнші болды

Әнші Еңлік Құрарбек халықаралық COLORS жобасына шақырту алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстандық әнші Еңлік Құрарбек халықаралық COLORS музыкалық жобасына қатысуға шақырту алды. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

COLORS жобасы әртістердің түрлі-түсті фонда жанды дауыста ән орындауымен ерекшеленеді. Жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен талантты орындаушылар шақырылады.

Айта кетейік, бұған дейін COLORS сахнасында өнер көрсеткен бірқатар әншілер кейін әлемдік деңгейде кеңінен танымал болды. Олардың қатарында Billie Eilish, Doja Cat, Jorja Smith, Kali Uchis, Mahalia бар.