Жаңалықтар

Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

Шымкент қаласында 21 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті қолға түсті, деп хабарлайды arainfo.kz

Полицияның хабарлауынша, 28 жастағы жергілікті тұрғын күдіктіні қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтықта ұсталған.

Күдіктіні іздестіруге қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында ер адам қала сыртындағы ашық аумақта анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстың себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін 11 қаңтар күні кешке Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің маңынан қыздың мәйіті табылған еді.