Бүгін – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
Бүгін қазақтың біртуар тұлғасы, көсемі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толып отыр, деп хабарлайды arainfo.kz
Ол 1912 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1936 жылы Мәскеудің Түсті металл институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдаған.
1937–1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатында әртүрлі лауазымдарды атқарған, кейін «Алтайполиметалл» комбинатында және Риддер руднигінде бас инженер қызметін жасаған. 1942–1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болған, 1955–1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
1960–1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып, ел басқару ісінде ширек ғасырға жуық белсенді қызмет көрсеткен. 1986 жылы 16 желтоқсанда қызметінен алынғаннан кейінгі жағдай Желтоқсан оқиғасына себеп болды. Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланған.
Қонаев өз дәуірінде мәдениеттілігі, имандылығы мен халық дәстүрін қадірлеуімен танылды. Мемлекет ісінен қол үзген соң да қоғамдағы реформаларды, демократияландыру бағыттарын қолдап, білімді әрі саналы азамат ретіндегі миссиясын жалғастырды.
Дінмұхамед Қонаев 1993 жылғы 22 тамызда 82 жасында өмірден озды.