14 өңірде дауылды ескерту: қар, көктайғақ пен тұман күшейеді
Бүгін, еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды arainfo.kz
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескертулер сақталып, қолайсыз ауа райы күтіледі.
Алматы қаласында 10–11 қаңтар аралығында кей уақыттарда тұман түседі.
Жетісу облысында 10 қаңтар түні мен таңертең шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел Алакөл маңында 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей сәттерде 28 м/с-қа жетуі мүмкін.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында да 10–11 қаңтарда тұман болады.
Дауылды ескертулер күтілетін өңірлер:
Шымкент қаласында 10 қаңтарда тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман болжануда, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаяу бұрқасын, тұман, жел екпіні 20–25 м/с-қа дейін жетеді.
Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ, желдің күшеюі болжанған.
Түркістан облысында тұман, таулы аудандарда қатты жел күтіледі.
Атырау облысында тұман, көктайғақ және желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында көктайғақ пен тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман және жел күшейеді.
Қызылорда облысында көктайғақ пен тұман күтіледі.
Ұлытау, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында кей уақыттарда тұман түседі.
Мамандар жол қозғалысына қатысушыларды, сондай-ақ ашық аумақта жұмыс істейтін азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.