Жамбыл облысында 12 оқушы гамбургерден уланды
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке кәсіпкерге қатысты істі қарады, деп хабарлайды arainfo.kz
Сот Байзақ ауданында 12 оқушының тамақтан улануына байланысты істі қарап, жеке кәсіпкерді санитариялық талаптарды бұзғаны үшін кінәлі деп таныды.Жоспардан тыс тексеру кезінде тағам сынамаларынан ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталған.
Кәсіпкер сотта кінәсін ішінара мойындап, дүкенге күніне небәрі үш гамбургер жеткізілетінін алға тартты. Алайда сот санитариялық нормалардың бұзылғанын дәлелденген деп таныды.
Тексеру кезінде тағам өнімдерінен ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталған. Сот кәсіпкерді кінәлі деп танып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға қысқарта отырып, 1,2 миллион теңгеден астам айыппұл салды. Қосымша жаза ретінде қызметті тоқтата тұру қолданылған жоқ.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.