Шайды да таңдап ішіңіз
Енді шайқорлар шайды таңдап ішпесе, болмайды. Жуырда Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері елімізде фальсификацияланған шай өнімдерін әкелуге және сатуға уақытша тыйым салу туралы қаулыға қол қойды. Тексеріс барысында бірнеше брендтің құрамынан рұқсат етілмеген жасанды бояғыштар мен жалған өндіріс мекенжайлары әшкере болыпты.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Дана Қасқатаева «Апамның шайы Premium gold», «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», «БАЛҚИЯ Premium gold», «Aje Onim», «Al-Hayat Gold», «Al-Jannat Premium», «Alfarah» шайы өнімдерінің құрамынан тыйым салынған бояғыштар анықталғанын айтады. Атап айтқанда, денсаулыққа аса қауіпті E110, E102 және E124 тағамдық бояғыштары табылған. Ал бұл қоспаларды күнделікті ішетін шайға қолдануға мүлде болмайды. Мысалы, E110 шайға күн батар кездегідей сарғыш-қызғылт рең берсе, E102 (тартразин) өнімді қызыл түске бояйды. Ал E124 бояғышы астмасы бар адамдарға аса қауіпті, ол аллергиялық реакциялар туғызып, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Бұл шайларды жиі тұтынса, ол ағзада жинақтала келе, асқазан-ішек жолдарына жүктеме түсіріп, бауырға кері әсер етеді.
Тергеу барысында шай өнімдерін өндірумен заңсыз айналысқан 7 өндіруші анықталған.
Қазақстан – шайды көп тұтынатын елдердің қатарында. Бірақ шай ішуден Түркия, Марокко, Ирландия мен Ұлыбританиядан кейінгі бесінші орында тұрмыз. Бір адам орташа есеппен жылына 1,5 келі шай ішеді.
Осы тұста шайға қатысты тағы бар маңызды ақпаратты айта кеткенді жөн санап отырмыз. Өткен түннен қалып қойған немесе қайта қайнатылған шай денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Дәрігерлер мұндай шайда зиян заттар жиналатынын, жылы орта бактериялар пайда болуына ықпал ететінін ескертеді.
Суып қалған шай, әсіресе, дайындалғаннан кейін бір күн өткен соң ішкен сусын ағзаға айтарлықтай зиянын тигізеді. Бұл туралы «Доктор Питер» басылымына берген сұхбатында терапевт, диетолог Елена Трускова былай дейді:
Айжан ӨЗБЕКОВА