Біліктілік бірден қалыптаспайды
Кеше облысымызға жұмыс сапарымен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жоламанов келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев модераторлық етті.
Кездесуді кіріспе сөзбен ашып, басқосудың мән-маңызына тоқталған Лесбек Құралбайұлы мемлекеттік қызмет саласы бойынша өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Мұнан соң Азамат Жоламанов сөз алып, мемлекеттік қызмет саласындағы оң өзгерістерге тоқталды.
Өз кезегінде академия түлектері ұсыныстарымен бөлісіп, орамды ойларын ортаға салды.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ