Жаңалықтар

Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.

Айта кетейік, Асқар Мұстабеков бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметін атқарған. Аталған лауазымға ол 2024 жылғы 22 қаңтарда тағайындалған болатын.