Үкімет

Олжас Бектенов: Жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарға артық қаржыландыру тоқтатылуы керек

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік сала – мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала беретінін атап өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады.

Одан бөлек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау кезінде алаяқтық жағдайларды болдырмауға бағытталған кешенді шараларды қарастыруы қажет.