Жаңалықтар

Жамбыл облысында әжетхана шұңқырына құлаған бала құтқарушылардың көмегімен аман қалды

Жамбыл облысы Байзақ ауданында ТЖМ құтқарушылары қауіпті жағдайға тап болған балаға жедел түрде көмек көрсетті, деп хабарлайды arainfo.kz

Оқиға туралы хабарлама 112 нөміріне келіп түскен. Шақырту түсе салысымен оқиға орнына құтқару бөлімшелері жедел жеткен. Арнайы құтқару жабдықтарын қолданған ТЖМ қызметкерлері даладағы әжетхананың шұңқырына құлап кеткен 11 жастағы қыз баланы аман алып шықты.

Құтқарылған бала тексеру жүргізу және қажетті медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.