Жаңалықтар

Мемлекет басшысы денсаулығы мен спортқа көзқарасы туралы айтты

Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында денсаулығына қатысты да пікір білдірді.

Президенттің айтуынша, қазіргі таңда денсаулығы жақсы, қан қысымы қалыпты. Ол күн сайын йогамен айналысуды әдетке айналдырғанын, алайда медитация жасамайтынын атап өтті. Сонымен қатар бұрынғы кәсіпқой спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнайды. Мемлекет басшысы соңғы уақытта 9 келі салмақ тастап, өзін әлдеқайда сергек әрі жайлы сезіне бастағанын айтты.

Сондай-ақ Президент ТМД елдері басшыларының спортқа жақындығын да сөз етті.

Мемлекет басшысы әріптестерінің барлығы белсенді өмір салтын ұстанатынын айтып, олардың физикалық дайындығы жоғары екенін жеткізді.