Жаңалықтар

Ресейдегі ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Ресейдегі ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Ейскіде Су-34 әскери ұшағы құлап, 9 қабатты ғимарат өртенген апаттан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Arainfo.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі үш адамның өлімі бірден белгілі болғанын, кейін үй қирандыларының астынан он адамның мәйіті табылғанын айтты.