Жаңалықтар

«Тараз» футбол клубы Шерхан Қалмырзаға ресми ұсыныс жасамақ

Бұл туралы клубтың жаңа директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаға «Тараз» футбол клубы қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы клубтың жаңа директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді

Оның айтуынша, жақын күндері ойыншыға ресми ұсыныс жасалып, келіссөздер басталмақ.

Айта кетейік, жас қақпашы бұған дейін Чемпиондар лигасында әлемге әйгілі «Реал Мадрид» клубына қарсы матчта алаңға шыққан. Кездесу барысында бес гол жіберіп алғанына қарамастан, Шерхан Қалмырза жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.