Жаңалықтар

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Президент бірқатар заңға қол қойды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі заңдарға қол қойды:

«Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заң;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері және Қазақстан Республикасының заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң;

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң.