Президент бір жылда 23 шетелдік сапар жасап, 168 мың шақырымнан астам жол жүрді
Бір жыл ішінде Мемлекет басшысы өңірлерге және шет мемлекеттерге жасаған сапарлары барысында 168 960 шақырым жол жүріп, 252 сағат уақытын әуе сапарында өткізді, деп хабарлайды arainfo.kz
Осы кезеңде Президент 23 рет шетелге шыққан. Оның ішінде Ресей мен Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барса, Қытай Халық Республикасы, Иордания, Түркия, Қырғызстан және Жапонияға ресми сапарлар ұйымдастырылған.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ресейге (екі рет), АҚШ-қа (екі рет), Түрікменстанға (екі рет), Біріккен Араб Әмірліктеріне, Өзбекстанға, Әзербайжанға, Тәжікстанға және Қырғызстанға жұмыс сапарымен барған. Жалпы бір жыл ішінде 16 жұмыс сапары жүзеге асырылған.
ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың мәлімдеуінше, Президенттің шетелдік сапарлары саяси диалогты нығайтуға, экономикалық және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.