Қазақстан халқы Ассамблеясының 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы бекітілді
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы ресми түрде бекітілді.
Тұжырымдама Ассамблеяның одан әрі дамуын көздейді. Құжатта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету үшін елді ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған.