Қазақстанға ауыр қылмыс жасаған Ресей азаматы экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Ресей азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды arainfo.kz
Қаскүнем 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлау және олардың мүлкін күштеп тартып алу қылмыстарына қатысы бар деп күдіктелген. Ол үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.