Жаңалықтар

Жамбыл облысында жүк көлігі отқа оранды

Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Алматы – Ташкент» автожолының 554-шақырымында тіркемесі бар жүк көлігінде өрт шықты, деп хабарлайды arainfo.kz

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар «Алматы – Ташкент» автожолында жүк көлігі өртке оранды. Оқиға өткен түнде Жуалы ауданында, жолдың 554-шақырымында тіркелді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тіркемесі бар жүк көлігінен шыққан өртті сөндіруге құтқарушылар жедел жұмылдырылған. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде жүк тиелген тіркемелердің бірін аман алып қалуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ оттың өзге көліктерге және аумаққа таралуының алдын алды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр.