Жаңалықтар

Енді inDrive пен ҚазАвтоЖол жүргізушілерге жол кедергілері туралы бірлесе ескертеді

Аталған бастама жол-көлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды arainfo.kz

Бас көлік прокуратурасы, inDrive сервисі және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстанның автомобиль жолдарында енгізілетін уақытша қозғалыс шектеулері туралы жүргізушілерді жедел хабардар етуге арналған цифрлық механизмді іске қосты.

Жаңа жүйе аясында уәкілетті органдар белгілеген уақытша шектеулер туралы ақпарат inDrive қосымшасында маршрут жоспарлау кезінде автоматты түрде және кідіріссіз көрсетіледі. Бұл жүргізушілерге жол қозғалысындағы өзгерістерді алдын ала ескеріп, сапарларын қауіпсіз жоспарлауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қолайсыз ауа райына байланысты биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына 320 рет уақытша шектеу енгізілген.

Жол қозғалысына қатысушыларды дер кезінде ақпараттандыруға арналған мұндай цифрлық шешімдер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қауіп-қатерді азайтуға ықпал етеді.