Адал еңбектің әділ бағасы
Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және өнеркәсіптік дамуына қосқан елеулі үлесі үшін аймақтың бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Атап айтқанда, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС гидротехнигі Мағауия Өтелбаев пен «Жылы бұлақ - Меркі» ЖШС аға шопаны Бейсенбек Сарбасовқа «Құрмет» ордені табысталды.
Ал үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС Жамбыл ауданы электр желілерінің электр монтері Марат Байділдаев, «Бурное сүт компаниясы» ЖШС жүк көтергішінің жүргізушісі Бақытбек Байтұрсынов, «Talas Investment Company» ЖШС сорғы қондырғылары машинисі Садуақас Өтениязов, «Мерке ірімшік зауыты» ЖШС дәнекерлеушісі Андрей Пичиневский, «Жасыл Ел Тараз» ЖШС учаске аула сыпырушысы Жұмабек Сағындықов, «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС автотиеуіш жүргізушісі Елубай Сәтбаев, «Казфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының слесары-жөндеушісі Райм Туранов наградталды.
Сол сияқты «Ерен еңбегі үшін» медалі «Мерке ет комбинаты» ЖШС мал дәрігері Сайлаубек Жолымбековке, «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ энергоблок машинисі Андрей Голубцовқа, «Ali-Ko Sut 2023» ЖШС бас технологі Татьяна Жуковскаяға, «Рысбаева и Ко» ЖШС баспагері Нұрталап Қожамқұловқа, «Амир и Д» ЖШС технологі Шынар Сүгірбаеваға тапсырылды.
Сонымен қатар Президент Алғысын жариялады.
«AR-AI»-ақпарат