Қазақстан бойынша бүгінге дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» пен ТЖМ мәліметіне сәйкес, бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды arainfo.kz
Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары, Ұлытау және Абай облыстары, Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, боран соғып, жолдарда көктайғақ болады.
Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Атырау, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында және Алматы облысының таулы аймақтарында жолдар тайғақ болады.
Абай, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде 28 м/с-қа жетуі мүмкін.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, ал жүргізушілерді жолға шыққанда аса мұқият болуға шақырады.