Білім

Қазақстанда сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

Қазақстанда сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды

Оқу-ағарту министрлігі еліміздің колледждерінде сырттай оқытуға арналған мамандықтар тізімін қысқартты. Енді студенттер тек 23 мамандық бойынша оқи алады деп хабарлады Arainfo.kz тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, екі жылдан аса уақыт бұрын 595 біліктілік бойынша сырттай білім алуға болатын. Бірақ оқытудың бұл түрі студенттерге сапалы машықтарды, дағдыларды бере алмайды. Осының салдарынан түлектер оқуды бітіргеннен кейін практикалық білімнің жетіспеушілігімен жиі кездесіп, жұмыс таба алмай жатады. Осыған байланысты министрлік сырттай оқудағы мамандықтарды қысқарту бойынша жұмысты кезең-кезеңімен жүргізіп жатыр. Бұл жолы «Радиоэлектронды көлік құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (көлік түрі бойынша)» сияқты мамандықтар бойынша, сондай-ақ «Техник-электроник» біліктілігі, «Техник-технолог біліктілігі бойынша «Пайдалы қазбаларды өңдеу (көмір дайындау)», «Техник-құрылысшы» біліктілігі бойынша «Қалалық коммуникацияларды салу және пайдалану», «Тазалау құрылыстарының технолог-технологы біліктілігі бойынша «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тазарту құрылыстарын пайдалану» және т.б. біліктілік бойынша сырттай оқыту алынып тасталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда білім беру 13,8%, оның ішінде колледжде білім беру төлемі – 19,5%, жоғары оқу орындарында 16,3% қымбаттағаны туралы хабарлаған болатынбыз.