Денсаулық

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты

Қазақстанда халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты оң динамика байқалады, деп хабарлайды arainfo.kz

Жалпы және нәресте өлімінің төмендеуі, сондай-ақ күтілетін өмір сүру ұзақтығының артуы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі мен медициналық көмектің сапасы артқанын көрсетеді.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елімізде халықтың жалпы өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 пайызға азайған. Ал нәресте өлімі 18,7 пайызға төмендеген.

Дүниежүзілік Банктің деректеріне сәйкес, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында күтілетін өмір сүру ұзақтығы бойынша көшбасшы атанды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 75,4 жасқа жеткен.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның 2025 жылға арналған Даму бағдарламасы есебіне сәйкес, Қазақстан Адами даму индексі бойынша өз орнын 7 сатыға жақсартып, 193 елдің ішінде 60-орынға көтерілді.