Қатты жел, көктайғақ және аяз: Қазақстан өңірлерінде ауа райы күрт нашарлайды
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін еліміздің көптеген өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды arainfo.kz
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде ауа температурасы күрт төмендеп, 20–25 градус аяз болады.
Астанада желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматыда түнде көктайғақ пен тұман, Шымкентте түнгі және таңғы уақытта көктайғақ күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында қар мен жаяу бұрқасын болжанады, жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және тұман болады.
Жамбыл, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарының таулы және оңтүстік аймақтарында көктайғақ пен тұман күтіледі. Маңғыстау облысында қатты жел мен көктайғақ болжануда.
Синоптиктер тұрғындарды жолда абай болуға және ауа райының қолайсыздығын ескеруге шақырады.