Жаңалықтар

Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Жамбыл облысының бірқатар аумақтарында ауа райы күрт нашарлайды, деп хабарлайды arainfo.kz

Синоптиктердің болжамынша, түнде облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде және таулы өңірлерінде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі.

Сондай-ақ кей уақыттарда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15–20 метрге дейін жетіп, түнгі және таңғы уақытта екпіні 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Тараз қаласында 21 желтоқсанда тұман мен көктайғақ күтіледі.

Осыған байланысты тұрғындар мен өңір қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтап, алыс жолға шыққанда сақ болу ұсынылады.