Жаңалықтар

Қосы Батыр Сәмбетұлының 350 жылдығына арналған тарихи-танымдық іс-шара өтті

Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қосы Батыр Сәмбетұлының туғанына 350 жыл толуына орай «Қазақ – жоңғар көтерілісінің айтулы қаһарманы» атты тарихи-танымдық пресс-клиппинг форматындағы іс-шара өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Қосы Батыр Сәмбетұлының туғанына 350 жыл толуына орай «Қазақ – жоңғар көтерілісінің айтулы қаһарманы» атты тарихи-танымдық пресс-клиппинг форматындағы іс-шара өтті.

Шара барысында жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлігімен танылған Қосы батырдың ел азаттығы жолындағы тарихи рөлі кеңінен дәріптелді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – батырдың ерлік жолын насихаттау, жас ұрпақтың тарихи сана-сезімін қалыптастыру және ұлттық рухты нығайту.

Тарихи-танымдық жиын Қосы Батыр Сәмбетұлының ерлік мұрасын ұлықтауға, ұлттық тарихты жаңғыртуға және қазақ қоғамындағы батырлар институтының маңызын терең түсінуге бағытталған мазмұнды алаңға айналды.