Жаңалықтар

Қайрат Нұрдаулетов «Жетісудың» бас бапкері атанды

«Жетісу» командасының бас бапкері қызметіне қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қайрат Нұрдәулетов 1982 жылы дүниеге келген. Футболшы ретіндегі мансабында ол «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» клубтарының намысын қорғаған.

Бапкерлік қызметінде Қайрат Нұрдәулетов 2023 жылы «Мақтарал», 2024 жылы «Жетісу», ал 2025 жылы «Оқжетпес» клубтарын басқарды.