Жаңалықтар

Қаратауда оқушыларға «Жасөспірім және Заң» тақырыбында кездесу өтті

Қаратау қаласындағы М. Әуезов атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен «Жасөспірім және Заң» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру болды. 

Кездесуге Талас АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенантары Өтеміс Айдос Әуезханұлы мен  Талғат Шыңғыс Саматұлы қатысып, оқушыларға оқушыларға жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Инспекторлар өз сөздерінде кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, түнгі уақытта ата-анасының еріп жүруінсіз көшеде жүру, буллинг, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары туралы кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға және заңға бағыну жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.