Жаңалықтар

Токионың көшелерінде Қазақстанның көк туы желбіреп тұр

Токио Қазақстан Президентінің ресми сапарына дайындалып жатыр, деп хабарлайды arainfo.kz

18–20 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барады.

Сапар қарсаңында Токио қаласының көшелері Қазақстанның мемлекеттік туымен безендірілді. Жапония астанасында екі ел арасындағы достық пен серіктестікті айшықтайтын арнайы көріністер ұйымдастырылған.

Ресми сапар аясында Мемлекет басшысының Император Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Жапонияның іскер топ өкілдерімен пікір алмасып, «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.