Жаңалықтар

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды arainfo.kz

Атап айтқанда, рейтингтік қызмет туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер қаралуда.Олар:

– рейтингтік қызмет туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер;

– ЕАЭО мен үшінші тарап(тар) арасындағы бірыңғай кедендік транзит жүйесі туралы келісімді ратификациялау жобасы;

– телекоммуникация нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту туралы түзетулер;

– Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау жобасы;

– техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру және халықтың көші-қоны мәселелері туралы заң жобасы.