Үкімет

Қазақстанда мұнай-газ химиясы қарқынды дамуда: өнім өндірісі 12%-ға өсті

Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан Республикасының энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің БАҚ өкілдерімен кездесуі аясында Үкіметтің 2025 жылғы терең өңдеу және мұнай-газ химиясы секторындағы жұмысының қорытындысы шығарылды.

Мұнай-газ химиясы саласында экономиканың шикізатқа тәуелділігін әртараптандыруға және төмендетуге арналған дәйекті бағыт жүзеге асырылуда. Отандық мұнай-газ химиясы тұрақты екі таңбалы өсім қарқынын көрсетіп отыр және шикізат емес экспорттың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қалыптасуда.