ӘНҰРАНЫМ АСҚАҚТАТА ШЫРҚАЛДЫ
ӘНҰРАНЫМ АСҚАҚТАТА ШЫРҚАЛДЫ
Патриоттық акция 25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылды. Қайта жаңғырып, мемлекеттік мерекелер тізіміне енген мереке қарсаңында Дулати университетінде студенттер бірқатар мәні жоғары іс-шаралар өткізуді жоспарлаған. «Менің Әнұраным» акциясы – солардың ішінде ауқымы жағынан жастардың ең көп аудиториясын жинаған іс-шараның бірі. «13 жыл аталмай кеткен Республика күні ұлттық мереке ретінде қайтып оралды. Осыған орай университетімізде Әнұранды бірге орындау патриоттық акциясын өткіздік. Бір күн бұрын ерікті жастарды акцияны қолдауға шақыру бойынша хабарландыру таратқан болатынбыз, бүгін міне –ел патриоттары жиналды. Гимн шырқалғанда, олардың үнінен қуатты рухты сезіндік, тәуелсіз мемлекетімізге деген мақтанышты байқадық. Әнұранымыз әр жүректе жатталып, бейбіт еліміздің, өркениетті мемлекетіміздің белгісі болсын!» - дейді Дулати университеті Ақпарат және медиакоммуникация орталығының директоры Бағлан Батырбек. Студент жастар патриоттық акцияны өткізуде бірнеше ерекше детальдарға мән берді. Бірі – қолына Ту ұстап келсе, енді бірі көк байрақты қос бетіне сурет етіп қреативтілік танытты.
Dulaty University-дің медиа-қызметі