БЖЗҚ келесі жылға арналған зейнетақы жеткіліктілік шектерін 10%-ға өсірді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады, деп хабарлайды arainfo.kz
Қордың ресми мәліметінше, жеткіліктілік шегі (ЖШ) ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшеріне, күнкөріс деңгейіне, инфляция және инвестициялық кірістілікке сүйене отырып есептеледі.
2026 жылға арналған ЖШ есептеу кезінде мына деректер қолданылған:
– ең төменгі жалақы — 85 000 теңге;
– ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге;
– ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге.
Қордың айтуынша, 2026 жылы жеткіліктілік шегі шамамен 10%-ға өскен. Бұл инфляцияның ағымдағы және болжамды деңгейімен сәйкес келеді.
Салымшының жасына қарай 2026 жылға белгіленген жеткіліктілік шектерінің толық тізімін БЖЗҚ жариялаған арнайы кестеден көруге болады.