Цифрландыру – өркениет өзегі
Тәуелсіздік жылдары елімізді дамытудың жаңа бағыттарына, соның ішінде цифрландыру саласына жүйелі түрде бет бұруға итермеледі. Сол бағыттағы жұмыстардың бірі – «Ақылды қала» жобаларын іске асыру.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі №258/НҚ бұйрығымен бекітілген «Ақылды қалалар» құру әдістемесіне сәйкес, 2024 жылғы 13 қыркүйекте облыс әкімінің №141-өкімімен жол картасы бекітілді. Жол картасы аясында 22 негізгі және 5 қосымша жоба қарастырылған. Бүгінгі таңда 22 негізгі жобаның 12-сі орындалып, 10-ы орындалуда, қосымша 5 жобаның екеуі орындалып, 3 жоба орындалуда.
Жол картасындағы бастамаларды іске асыру барысында туындаған проблемалық мәселелер облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен (14.05.2025 жылғы №20 хаттама) және Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен (29.01.2025 жылғы №2 хаттама) қарастырылып, жауапты органдар мен Тараз қаласы әкімдігінің тиісті бөлімдеріне хаттамалық тапсырмалар берілді. Осы уақытқа дейін жұмыстар аталған әдістемеге сәйкес жүргізіліп келеді. Ал осы жылғы 12 қыркүйектегі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Ақылды қала» жобаларын іске асырудың жаңартылған әдістемесі туралы №469/НҚ бұйрығы бойынша жұмыс 2026 жылдан бастап жүзеге асырылады.
«Ақылды қалаларды» дамыту стратегиясы мен оны іске асырудың жол картасын бекіту мақсатында облыс әкімінің 2025 жылдың 19 қарашасындағы №143-ө өкімімен «Ақылды қаланы» дамыту мәселелері бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы қаланың цифрлық трансформация бағытын іске асыруға әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетіп, жобаларды жоспарлау, талдау, мониторинг жүргізу және цифрлық шешімдерді енгізу барысында туындайтын мәселелерді қарастырады. Аталған жұмыс тобының ұсыныстары мен сараптамалық қорытындылары негізінде 2025 жылдың 9 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімдігінің №254 қаулысымен «2026-2030 жылдарға арналған облыста «Ақылды қалаларды» дамыту стратегиясы және оны іске асыру жөніндегі жол картасы» бекітілді. Құжат қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамыту, деректерге негізделген басқаруды енгізу, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және өңірдің «Smart Region» моделіне кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз ету мақсатында дайындалды.
Стратегия мен жол картасы облыс әкімдігі цифрландыру және архивтер басқармасы, қала және аудандардың мемлекеттік органдары, сондай-ақ жұмыс тобы мүшелерімен келісіліп, белгіленген тәртіппен бекітілу сатысында. Жол картасында Тараз қаласы бойынша 13 негізгі және 2 қосымша, ал аудандар бойынша 8 бастама қарастырылған. Бүгінгі таңда цифрлық трансформация мен технологиялық шешімдердің қарқынды дамуына байланысты ІТ экожүйесін қалыптастыру өңірдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторы болып отыр. Осы мақсатта өңірде ІТ инфрақұрылымды жетілдіру, стартаптарды қолдау, кәсіби ІТ мамандарды даярлау, жастарды инновациялық жобаларға тарту және білім беру мекемелері мен бизнес құрылымдар арасында тығыз байланыс орнату бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағыттарды іске асыру аясында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, облыс әкімдігі және «Astana Hub» Халықаралық технопаркі арасында өңірлік IT-хабты дамыту жөнінде үшжақты меморандумға қол қойылды. Осы меморандум негізінде 2023 жылдың 4 ақпанында университет аумағында «ZhambylHub» өңірлік IT-хабы құрылды. Бүгінде бұл хаб өңірлік стартаптарға, жас кәсіпкерлерге, сондай-ақ ІТ саласына қызығушылық танытқан жастарға қолдау көрсететін, инновациялық идеяларды ілгерілетуге жағдай жасайтын маңызды платформаға айналды. Хаб құрылғалы бері 150-ден аса іс-шара өткізіліп, 4 000-нан аса қатысушы қамтылды. Оның ішінде 2024 жылы 68 іс-шара, биылғы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 103 іс-шара өткізілді. 2025 жылдың 19 наурызында «ZhambylHub» Жамбыл облысы бойынша ресми түрде «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ-ның филиалы ретінде тіркеуден өтті.
Қазіргі уақытта ІТ-хабтың қызметін одан әрі дамыту мақсатында Тараз қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры филиалын 2025 жылы дамытуға арналған жол картасы бекітілді. Жол картасы аясында осы жылға бірқатар іс-шараларға қолдау көрсетуге қызығушылық танытқан демеушілерді тарту мәселесі, Innovate Taraz Hackathon, Pizza Pitch, Idea Battle сынды воркшоптар мен стартаптарды ілгерілетуге бағытталған инкубациялық бағдарламалар қарастырылған. Сондай-ақ, облыста «Инновациялық технологиялар паркі» өңірлік IT хабы Astana Hub белгілеген ең төменгі талаптарға сәйкес қажетті ғимаратпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Қазіргі уақытта ғимаратты бейімдеу, материалдық-техникалық жабдықтау және хабтың қызметін тиімді ұйымдастыру бойынша жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Бүгінде облыстың 2026-2030 жылдарға арналған цифрлық даму стратегиясы әзірленіп, бекіту процесінде. Аталған стратегияда цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған бірнеше маңызды жоба қарастырылған. Атап айтқанда, 109 нөмірі бойынша азаматтардың өтініштерін талдау үшін жасанды интеллектіні енгізу (iKomek109), КТ (компьютерлік томография) суреттерін талдау арқылы инсульт пен неврологиялық ауруларды диагностикалаудың дәлдігі мен жылдамдығын арттыру, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау үшін жасанды интеллектіні қолдану көзделген. Сонымен қатар, өңірдің бірыңғай талдамалық дашбордын дамыту және интеграцияларды кеңейту, облыстың ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу, 5G байланыс желісін кеңейту, автокөлік жолдары бойынша антенна-құрылымдық нысандар салу және жоғары жылдамдықты ұялы интернет желісін дамыту жоспарланған. Өңірлік мониторинг орталығын құру, инциденттерге әрекет ету механизмдерін енгізу және ұлттық киберқауіпсіздік орталықтарымен үйлестіру, цифрлық сауаттылық пен кибергигиенаны арттыру да назарда. Сонымен бірге, iQala жобасы аясында табиғи монополия субъектілерінің сандық қызметтерін интеграциялау және кеңейту, «Кезекші карта» жүйесінде «Жер балансы» автоматтандырылған жұмыс орнын құру, аудандық ауруханаларда телемедицина жүйесін енгізу, проактивті денсаулық сақтауды дамыту, «e-Jambyl» ақпараттық жүйесі негізінде біртұтас білім беру платформасын құру, білім беру қызметтерін қайта жобалау және олардың проактивті форматтағы көрсетілуін дамыту, цифрлық номадтарды тарту және оларды ұстап тұру үшін жағдай жасау, өңірлік цифрлық экономикаға кадрларды дайындауды қолдау, өңірлік IT-қоғамдастық пен стартап-экожүйесін дамытуға қолдау көрсету жоспарланған. Бұл бастамалар «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының Тараз қаласындағы филиалының бастамаларын қолдау арқылы жүзеге асырылады.
Елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда 353 елді мекеннің 43-і (12,2 пайыз) – 2G, 51-і (12,2 пайыз) – 3G, ал 259 елді мекен (73,4 пайыз) 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. Ал, талшықты оптикалық байланыс желісімен 357 елді мекеннің 189-ы (50,9 пайызы) қамтамасыз етілген, қалған 168 (49,1%) елді мекен қамтылмаған. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр төрағалық еткен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының хаттамасына сәйкес (2025 жылғы 22 сәуірдегі № 21-04/05-4337), Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қол жеткізумен қамтамасыз ету бойынша инвестициялық келісімшарт жасалған болатын. Келісім шарт аясында «Қазақтелеком» АҚ тарапынан талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айынан басталып, жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Бүгінге таңда облыс аумағындағы 54 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс жүйесін тарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, байланыс сапасын жақсарту және елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімімен және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрімен «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде «2023-2027 жылдары Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі» жол картасы бекітілді. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасына сәйкес 2023-2025 жылдары «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС 68 елді мекенге 4G базалық стансасын орнатуы жоспарлаған. Бүгінге 23 елді мекенде жұмыстар аяқталған. Ал «Kcell» АҚ 2023-2025 жылдарға жоспарланған 51 елді мекеннің 47-сінде жұмыстарды тәмамдады. «Кар-Тел» ЖШС 2023-2025 жылдары жоспарланған 89 елді мекеннің 73-інде жұмыстарды орындап бітті. Аталған жол картасына сәйкес, 2023-2025 жылдары 208 елді мекенде мобильді интернет желісінің сапасын 4G-ге арттыру жоспарланып, бүгінгі күнге 143 елді мекенде тиісті жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар, 2023-2025 жылдары облыс орталықтарында 5G/IMT бесінші буындағы ұялы байланысты енгізу жоспары бойынша «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Теле2) Тараз қаласында 5G технологиясын дамыту бойынша 2024 жылы 26 базалық станса, 2025 жылы 27 базалық станса орнату жоспарланған. Қазіргі таңда 32 базалық станса іске қосылған.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында республикалық маңызға ие автомобиль жолдарын цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында облысымызда 11 антенна-діңгек құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда 11 АДҚ-ның жобалық-сметалық құжаттамасының мемлекеттік сараптамасы алынып, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.
Барлық атқарылған және жоспарланған жұмыстар Жамбыл облысының цифрландыру саласын дамытудың маңызды қадамы болып отыр.
Шалқар АМАНТҰРОВ,
облыс әкімдігі цифрландыру және
архивтер басқармасының басшысы