Жаңалықтар

Тараздағы түзеу мекемесінде «Қамал» оқу-жаттығу жиыны өтті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде кезекті рет «Қамал» оқу-жаттығу жиыны өтті.

Жеке құрам қызметкерлері қатысқан оқу-жаттығу шынайы ұрыс жағдайында ұйымдастырылды. Басты мақсат – кез келген қауіп-қатердің алдын алу және жеке құрамның физикалық әрі жауынгерлік дайындығын пысықтау. 

Оқу-жаттығу барысында нұсқаулықтарды мүлтіксіз орындаған жеке құрам қызметкерлері төтеннен төнетін қауіпті жағдайларға дайын екендіктерін анық байқатты. Шын мәнінде, нақты өмірлік жағдайларға жақын өткізілген оқу-жаттығу ҚАЖ қызметкерлерінің шеберлігін шыңдайтыны анық.