1414 нөмірінен келген хабарламаға сенбеңіз: мемлекеттік сервистерде жаңа қауіпсіздік шарасы енгізілді
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун хабарлағандай, алаяқтар техникалық мүмкіндікті пайдаланып, SMS-шлюз арқылы 1414 нөмірінен келгендей көрінетін хабарламалар жібере алады, деп хабарлайды arainfo.kz
Сондықтан азаматтар бір реттік кодты ешкімге айтуға болмайды. Егер кодты айтқанын байқасаңыз, байланысуды дереу тоқтату керек.
Бұған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелерге енді кіру тек биометрия (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе арнайы QR-код (eGov QR) арқылы жүзеге асады. 2025 жылғы желтоқсаннан бастап талаптарды орындамаған жүйелер 1414 SMS-шлюзінен ажыратылды.
Министрлік азаматтарды цифрлық сауатқа үйрету және киберқауіпсіздікті күшейту жұмыстарын жалғастырады. eGov Mobile қосымшасының басты бетінде күмәнді әрекеттерді тану, кибергигиена ережелерін сақтау және цифрлық сервистерді қауіпсіз қолдану туралы ақпараттық баннерлер орналастырылған.