Жаңалықтар

Жигули Дайрабаев: Қай тілде сұрақ қойылса да, қазақша жауап беремін

Жигули Дайрабаев: Қай тілде сұрақ қойылса да, қазақша жауап беремін

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында журналист сұрақтарына Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев жауап берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Жигули Дайрабаев Қазақстанның 20 өңірінен 125 081 дауысты жинаған. Оның 119 975-і анық деп танылған болатын. Үміткер бұл сайлаушылардың сайлау барысында өзін қолдайтынына сенімді.

Баспасөз мәлихаты барысында ол журналистің медициналық тексерістер туралы сауалына да жауап берді.

Айта кететін бір жайт, сұраққа орысша жауап беруін сұраған журналиске «Мен қай тілде сұрақ қойсаңыз да, қазақ тілінде жауап қайтарамын» деп баса айтты.