Білгім келген бір сұрақ?

Жасөспірімдер қылмыс жасауға неге үйір?

Бүгінгі таңда көзқарасы мен өмірлік ұстанымы толық қалыптаспаған жастардың қылмысқа баруы жиілеп кетті. Мамандардың айтуынша, бұған жасөспірімдердің қолайсыз ортада өмір сүруі, дұрыс бағыт-бағдар берілмеуі және психологиялық тұрақсыздық та әсер етеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің құқықбұзушылыққа баруына үйдегі тәрбие мен көңіл күйдің төмендігі, сабақтан себепсіз қалу, оқу орындарындағы тәрбиелік жұмыстың жеткіліксіздігі, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс білмеуі де себеп болуы мүмкін.

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Анар Базарқұлованың айтуынша, өтпелі шақта жасөспірімдер құқықбұзушылыққа көп барады екен.

Жалпы көп жастардың оқуға, адал еңбекке ынта қоймай, бос уақыттарын көшеде өткізіп, достарымен жүргенін құп көретіні жасырын емес. Осы орайда облыстық полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әлішер Қалышевпен аз-кем тілдескен болатынбыз.

Қалай десек те қазір жас ұрпақтың мінезі тым қатыгезденіп бара жатқандай. Дейтұрғанмен еліміздің болашағына баланып отырған жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес, ортасына, үйде тілеуін тілеп отырған ата-анасына үлкен зиян келтіретінін ұмытпаған жөн.

Сымбат ҚУАНЫШ