Үздік IT-мамандар анықталды
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде IV аймақтық «ITU HACKATHON – 2025» инновациялық форумы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – өңірдегі және көршілес елдердегі жас ІТ-мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру, практикалық міндеттерді шешуге бағытталған орта қалыптастыру және инновациялық экожүйені дамыту.
Биылғы хакатонға қатысқан 40 команда, 200-ге жуық қатысушы банк секторына арналған заманауи ІТ-шешімдер әзірлеу бағытында бір платформада жұмыс істеді.
Форумға өңірдің мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының жас ІТ-мамандары қатысып, 40 команданың ішінен үздік 15 команда финалға өтті.
Биылғы хакатон «Банк үшін суперқосымша» кейсіне арналды. Бас демеуші – цифрлық қаржы қызметтерін дамытуда жетекші орын алатын «Банк ЦентрКредит» АҚ. Қатысушылар банк клиенттері үшін тиімді, қауіпсіз және жасанды интеллект элементтері бар жаңа буындағы мобильді қосымшалардың тұжырымдамаларын әзірледі.
Жарыс нәтижесі бойынша 1-орын – «Double U» командасына бұйырды, 2-орынға «Verdian» командасы лайық деп танылса, 3-орынды «IPT Group» командасы еншіледі.
Финалға шыққан басқа командалар алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Хакатон барысында панельдік сессиялар өткізіліп, қатысушылар ІТ-трендтер, қаржы технологиялары және жасанды интеллекттің болашағы жөнінде құнды мәлімет алды.
«ITU HACKATHON – өңірдегі инновациялық экожүйенің дамуына серпін беретін маңызды алаң. Университет алдағы жылдары хакатон ауқымын кеңейтіп, оны республикалық әрі халықаралық деңгейге шығаруды жоспарлап отыр.
«AR-AI»-ақпарат