Мол мүмкіндік сыйлаған медиа жоба
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы №66 орта мектепте «МектепLIFE» медиа жобасының таныстырылымы өтті.
Іс-шараны мектеп директоры Фарида Шортанбекова ашып, Президенттің бастамасымен салынып, пайдалануға берілгеніне бір жыл толған мектептің толайым жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ мұғалім Қарлығаш Абдірахманова басқаратын «МектепLIFE» медиа жобасының маңызына тоқталды.
Іс-шара барысында облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы, облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуіт, облыстық «Jambyl» телеарнасы бас директорының орынбасары Айбол Қараш, «Taraz-24» телеарнасының директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Зарина Қуатова, облыстық «Aq Jol»газетінің аға тілшісі, ақын Есет Досалы сөз алып, бүгінгі цифрлық дәуірде мұндай жаңашыл жобалардың берері көп екеніне тоқталды.
Ал жоба жетекшісі, ақын Қарлығаш Қуанқызы «МектепLIFE» медиа жобасының көп жастың талантын шыңдайтын ұстахана боларына сенім білдіріп, сол бағытта аянбай еңбек ететінін атап өтті.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ