Брифинг

Қан тапсырушылар қатары артып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаровтың қатысуымен «Жамбыл облыстық қан орталығының негізгі көрсеткіштері мен жетістіктері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Спикердің айтуынша, жыл сайын облыстық қан орталығына қан тапсыру үшін 15 000-нан аса адам келеді. Қан донациясы 100 пайыз ерікті және өтеусіз негізде жүргізіледі. Облыс бойынша 1000 тұрғынға шаққандағы қан және оның компоненттері донациясының үлесі орта есеппен 6,8 пайызды (6 қан донациясы) құрайды, республикалық көрсеткіш – 9,2 пайыз (9 донация).

Қан орталығы 26 емдеу-профилактикалық ұйымды қан компоненттерімен қамтамасыз етеді, оның ішінде ірі кардиологиялық клиникалар да бар. Соңғы 3 жылда медициналық ұйымдарға 51 мыңға жуық түрлі қан компоненттері беріліп, 10 мыңнан астам пациенттің өмірі сақталған.

Айжан ӨЗБЕКОВА