Әлеумет

Зейнетақы жинағын басқару қалай өзгереді?

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы 2013 жылдың 22 тамызында бұрынғы «ГНПФ» жинақтаушы қорының негізінде құрылған болатын. Бүгінде қордың зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. АлқҚордың негізгі міндеті – әрбір салымшының жинағын сенімді түрде есепке алып, қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсету.

Қор қызметіндегі басты басымдық – салымшылардың қызығушылығы мен өзекті қажеттіліктері. Сол себепті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» жыл сайын қызмет сапасын арттыру және жүйені заман талабына сай бейімдеу бағытында жаңа өзгерістер енгізіп келеді. Осы ретте біз «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Әбдіманат Еспаевтан келесі жылдан бастап күшіне енетін жаңа салық заңнамасына байланысты жаңалықтар жөнінде және алдағы уақытта зейнетақы жинағын басқару қалай өзгеретіні туралы сұрап, білдік. Айтуынша, қазіргі қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәртібі салымшының өз еркінде. Яғни азамат бұл салықты бірден төлеуді де, кейінге қалдыруды да өзі таңдай алады.

Яғни қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, азаматтар тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу үшін пайдаланылатын біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша жеке табыс салығын өз таңдауы бойынша төлей алады. Әбдіманат Төреханұлының мәліметінше, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал санатқа жататын азаматтар үшін жаңа мүмкіндік қарастырылған. Олар біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы. Бұл дегеніміз – зейнетақы төлемінің белгілі бір бөлігі Салық кодексінде көрсетілген стандартты шегерім ретінде табыстан алынып, тек қалған қалдыққа ғана салық салынады. Мысалы, 2021 жылы бір азамат 5 000 000 теңге көлемінде біржолғы зейнетақы төлемін алған делік. Сол кезде оның салық міндеттемесі 500 000 теңгені құрайды. Егер стандартты шегерім 882 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 2 572 794 теңге болса, салықты қайта есептеу нәтижесінде төлеуге тиісті салық көлемі 242 720,60 теңгеге дейін азаяды.

Әбдіманат Төреханұлы келесі кезекте азаматтардың жиі қоятын сауалдарына да жауап беріп өтті.

Жоғарыда айтылғандай, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы» қражатты тұрғын үй алу немесе білім алу ақысын төлеу мақсаттарына пайдалануға болады. Елімізде мұндай жеңілдікті қолдану көрсеткіші төмен емес. Мәселен, 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2025 жылғы 1 қарашадағы қорытынды бойынша барлығы 25,11 миллион АҚШ долларынан астам сомаға 171 938 өтініш орындалған. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 15,88 миллион АҚШ доллары сомасына 107 390 өтініш жүзеге асқан. Ал білім алу ақысын төлеу мақсатында 9,24 миллион АҚШ доларына 64 548 өтініш қаралыпты. Осы орайда еске сала кетейік, азамат нысаналы жинақтардың барлық сомасын немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады.

Сонымен қатар тағы бір жайтты ескерген жөн. Интернет желісі арқылы мемлекеттік, қаржылық және өзге де электрондық қызметтерге азаматтардың қол жеткізу ауқымы күннен-күнге кеңейе түскендіктен интернет-алаяқтардың саны артып отыр. Әбдіманат Еспаев мұндай алаяқтардың «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» да айналып өтпейтіні анық екенін айтады. Айтуынша, олар түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады екен.

Расында өз қауіпсіздігіміз үшін кез келген ақпаратты арнайы мамандардан сұрап білгеніміз жөн. Алаяқтықтың алдын алу үшін жоғарыда айтылған кеңестерге құлақ түрсеңіз жеткілікті.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ