Жамбылдықтар жүз пайыз ауызсумен қамтылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекенді 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.
«Ондаған жылдар бойы қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, ауызсу мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Сондықтан, Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауызсумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет», деді Президент.
Жолдауда айтылған міндетті орындау мақсатында облысымызда да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Тұрғындарды 100 пайыз ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 13,9 миллиард теңгеге 24 ауылдық елді мекен мен 9 тұрғын алқапта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 11,1 миллиард теңгесі игеріліпті. Бұл туралы облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте баяндады.
Мұқағали ЖАМБЫЛҰЛЫ