Қоғам

Дипфейктердің қаупі артып келеді

Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасы аясында Қаржылық мониторинг агенттігі қараша айында жоғары оқу орындарында «Цифрлық гигиена, дипфейктер және экономикалық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық кездесулер өткізуде. Осындай іс-шаралардың бірі М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде ұйымдастырылды. Жиынға облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің криминалистикалық бөлімінің басшысы, полковник Мақсат Байдалиев қатысып, «Дипфейктер және жаңа қатерлер» тақырыбында дәріс оқыды.