Жаңалықтар

Доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсті

Күндізгі сауда нәтижелері бойынша америкалық валюта тағы арзандады, деп хабарлайды arainfo.kz

4 желтоқсан күні Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 499,65 теңге болып, тағы 3,98 теңгеге төмендеді.

Рубль 6,48 теңге, юань 70,67 теңге деңгейінде саудаланды.

Айырбастау пунктерінде доллар 501,3–503,9 теңге, еуро 582,7–587,4 теңге, рубль 6,43–6,55 теңге аралығында ұсынылуда. Алматыда доллардың сату бағасы 502–503 теңге, сатып алу — 499,99 теңге.

3 желтоқсандағы KASE бағамы 503,89 теңге болған еді. Осылайша доллар 500 теңгелік психологиялық межеге қайта жақындады.

Ұлттық банктің 4 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 503,89 теңге.